KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Тағы да аптап ыстық – ШҚО

Фото: kirov.aif.ru

17.07.2023, 23:15 118 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да ертең күн тағы да ыстық болады.

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпаратына сүйенсек, 18 шілдеде облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Төтенше жағдай қызметі аймақта өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

Сақтық шаралары жайлы ұмытпаған жөн:

  • мүмкіндігінше қатты ыстықта көшеде болуды шектеу керек, әсіресе ең ыстық сағаттарда – 11.00-ден 17.00-ге дейін;
  • Тек жабдықталған орындарда шомылу қажет, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, мас күйде шомылмаңыз және өз күшіңізді асыра бағаламаңыз;
  • төтенше өрт қаупі сақталған аудандарда ашық отты қолдануда өте сақ болу керек, үйлер мен мекенжайлардың жанында от жағуға, құрғақ шөпті өртеуге болмайды;
  • автокөліктерден сөндірілмеген темекіні, шыны ыдысты тастамаңыз;
  • орманға барудан аулақ болыңыз;
  • ТЖ туындаған жағдайда "112"қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив