KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, СШ
505.53 593.44 6.34

ШҚО әкімдігінің құрылымында жаңа тағайындаулар

3.07.2024, 10:30 363 Айжанат Бақытқызы

Бүгін облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыс әкімінің идеология және әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бұл лауазымға Президент Әкімшілігінің келісімімен бұған дейін облыс әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Ербол Нұрғалиев тағайындалды, - деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ өңір басшысы Риддер қаласының жаңа әкімін таныстырды. Ол -бұған дейін Ұлан ауданының әкімі қызметін атқарған Думан Рахметқалиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу