KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
510.95 594.49 6.5

Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда Қызылордада өтеді

12.01.2026, 19:30 65 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформаға қатысты кезекті жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысының нәтижелері жөнінде баяндады. Оның айтуынша, жиында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесі, өкілеттіктері мен функцияларын айқындауға, сондай-ақ оның биліктің өзге тармақтарымен өзара іс-қимыл жасау тетіктеріне қатысты бірқатар тәсілдер әзірленген.

Сонымен қатар кеңесте Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өтетін бесінші отырысына дайындық мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын осы жылдың 20 қаңтарында өткізу туралы шешім қабылдап, алдағы маңызды іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыру және оған жан-жақты, тыңғылықты дайындық жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық құрылтай елдегі қоғамдық-саяси реформаларды талқылауға арналған маңызды алаң болып саналады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу