KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Мұзтаудың етегіндегі Көккөл демалыс аймағына өтетін көпір құлап қалған

instagram/katonkaragayskiignpp

19.05.2024, 19:00 203 Назерке Каримова

Жөндеу жұмыстары су тасқыны кезеңі өткен өткеннен кейін басталады.

Аймақта су тасқыны 15 шілдеге дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі Катонқарағай МҰТП ақпаратына сүйеніп.

Биыл Катонқарағай ұлттық саябағында Ақбұлқақ өзені арқылы өтетін ағаш көпір қардың екпініне төтеп бере алмай, опырылып құлап қалған.

Көпір 1938 жылы салынған. Туристік агенттік өкілдерінің айтуынша, ол Мұзтаудың етегіндегі Көккөл базалық лагеріне жету үшін пайдаланылған болатын.

Көпір жөнделмесе, Мұзтауға баратын жол қиындайды. Ұлттық саябақтың директоры Жанболат Тыныбековтің айтуынша, су тасқыны 15 шілдеге дейін жалғасуы мүмкін.

Сараптама содан кейін жүргізіліп, қаражат бөлу және жөндеу жұмыстары анықталады.

Туристік маусым басталғанына орай, кәсіпкерлер табиғи саябақ өкілдерінен барлық бағыттардың, әсіресе Қаракөлдің жанындағы өткелдің қауіпсіздігін тексеруді сұрады.

Ұлттық саябақ басшысы 10 маусымға дейін барлық жолдар ашық болады деп сендірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу