KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Карикатураның хас шебері: алғашқы туындым інімнің атымен жарық көрді

9.07.2024, 21:29 251 Қызырбек Дүргінбайұлы

Қаламын қару еткен карикатураның хас шебері, бірнеше халықаралық байқаулардың лауреаты, суретші Айдарбек Ғазизов оқырман қауыммен кездесіп, шығармашылығы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Жерлесіміз Айдарбек Ғазизов Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, карикатура жанры бойынша бірқанша Халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанып келе жатқан өнер иесі. Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында болған кездесу барысында оқырман қауыммен ой бөлісіп, өзінің шығармашылық ғұмырнамасы жайлы сыр шертті.

– Бала күнімнен сурет салуға әуес болдым. Бұл өнер маған атамнан дарыса керек. Атамыз керемет ұсат кісі болатын. Алайда өнеріммен өзгені мойындату оңай болған жоқ. Әуелгіде жо дегенде бір туындымның газет бетіне шыққаны арман еді. Алайда орта сыныпта оқып жүргенде суретімді басылым бетіне шығара алмадым. Кейін жоғары сыныпқа барғанда үйдегі інімнің атынан бір суретімді жіберіп едім, лезде жарық көріпті. Інімнің жолы сондай жеңіл еді. Кейін бұл суретімнің авторлығын 45 жылдан кейін 60 жасымда қайтарып алдым. Ал одан кейін халықаралық көптеген байқауларға қатысып, жүлдегер атандым, – дейді қаламгер Айдарбек Ғазизов.

Иә, бүгінгі таңда қылқалам  шеберінің туындалыры әлем жұртының төрінде, интернет әлемінің биігінде тұр. Қылқалам шебері әлі де қаламын қолдан тастамаған. Өнер иесінің айтуынша, байқауларға жүлде үшін емес, туындысын жалпақ жұртқа тарату үшін қатысады. Қазірдің өзінде көптеген кариактуралық туындыларын интернет арқылы көптеген елдердің оқырмандары пайдаланып келеді. Автордың шығармашылығы туралы кең көлемді сұхбат кейінірек жарық көретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу