Өскеменге Қазақстанның халық артисі Жәния Әубәкірова келді
Өскеменге Қазақстан халық артисі, педагог, концертмейстер Жәния Әубәкірова келді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Белгілі пианист Шығыстағы бірқатар оқу орнын аралап, ондағы өнер сүйер қауыммен кездесті. Шығармашылық кездесулерде Жәния Жақияқызы жас буынға өзінің «Вариации на темы...» атты кітабын таныстырды.
Аталмыш шарада халық артисі Бетховеннің 8-ші сонатасын, Сергей Рахманиновтың «Скерцо», «Вальс» туындыларын орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Кездесуде халықаралық байқаулардың лауреаты Максим Максимов, Құрманғазы атындағы консерватория магистранты Ербол Қожағұл және Рабиға Дүйсенбаева, Гүлнар Құрманбаева сынды педагогтардың фортепьянолық концерті өтті.
Кездесу соңында, өнер саңлақтары жастар үшін шеберлік сағатын өткізіп, студенттер ұйымдастырған сұхбатқа қатысты.