Зайсанда білім беру мекемелері жылыту маусымына дайындалуда

Шалғайдағы Зайсан ауданы жылыту маусымына дайындықты ерте бастап кетті. Жалпы Зайсан ауданы бойынша 35 білім беру мекемесі бар. Олардың барлығы да қыстың қамына ерте кірісіп, кейбірі көмір сақтайтын қоймаларын жөндеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Зайсан ауданы білім беру мекемелерінде 2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Жалпы Зайсан ауданы бойынша 27 мектеп, 2 қосымша білім беру мекемесі, 6 мемлекеттік балабақша бар, яғни, барлығы 35 білім беру мекемесі бар. Оның 15-і тас көмірмен, 9-ы табиғи газбен, 8-і электр қазандығымен жылытылса, 3-еуі орталық жылу жүйесіне қосылған.