KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 1 м/с, С
485.11 523.82 5.02

141 мектеп «Starlink» интернетіне қосылды – ШҚО

фото: depositphotos.com

13.08.2024, 11:38 140 Нұржан Кенжеұлы

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 343 (100%) мектеп Интернет желісіне қосылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2023 жылы «Starlink» спутнигі арқылы Интернет жылдамдығын арттыру мақсатында 170 мектептің тізімі әзірленген болатын. Жабдықты орнату 2024 жылдың 25 мамырынан басталды.

Бүгінге дейін «Starlink» спутниктік интернетінің 170 жиынтығының 141-сі орнатылып, 138-і іске қосылып қойды. Қалған 3 жиынтық Ресеймен және Қытаймен шекаралас аймақта орналасуына байланысты әзірше іске қосылмады.

Сондай-ақ Ресеймен және Қытаймен шекаралас желіні қамту аймағында орналасқан 28 мектептегі орнату жұмыстары Starlink өкілдерінің ресми жауабына дейін жабдықты белсендіру мәселесіне байланысты тоқтатылғанын айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив