KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность Штиль
478.89 528.74 5.29

Шалғай ауылдарда Starlink интернетін орнату уақытша тоқтатылды – ШҚО

Фото: ixbt.com

5.08.2024, 17:07 283 Ләззат Қанатқызы

Ресей және Қытаймен шекаралас ауылдардағы мектептерге Starlink интернетін орнату уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ағымдағы жылдың 25 мамырынан бастап Шығыс Қазақстандағы 170 мектептің 142-сі "Starlink" жоғары жылдамдықты спутниктік Интернетіне қосылған.

- "Starlink" желісінің орташа қосылу жылдамдығы – 50-ден 150 Мбит/с-қа дейін, бұл шалғай ауылдардағы дәстүрлі қосылу әдістерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып түседі, - деп атап өткен ШҚО білім басқарамсы.

Алайда шекаралас ауданда орналасқан 28 елді мекенге Starlink интернетін орнатуда қиындық туындаған.

- Ресеймен және Қытаймен шектесетін ауылдарда қиныдқы пайда болды. Мектептерде спутниктің интернет желісін орнату ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен, Республикалық ғарыштық байланыс орталығынан және Starlink өкілдерінен ресми түсініктеме алғанға дейін тоқтатылды, - деп түсіндірді ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы цифрландыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Арнұр Сапарғалиев.

Айта кету керек, 2023 жылы "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ-мен "Starlink" геостационарлық емес байланыс жүйесі негізінде Интернетке қосылу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша шартқа қол қойылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив