KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Су үнемдеу технологиялары енгізілмек – ШҚО

фото: depositphotos.com

16.04.2024, 15:22 73 Жанаргүл Мұқатай

Су қоймаларының апаттық жағдайда болғандығынан облыстағы 84, 6 мың гектар суармалы алқаптың 18, 6 гектары ғана пайдаланылып келеді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметі бойынша, өңірде жаңбырлатып, тамшылатып суару  технологиялары 5,9 мың гектарға қолданылып жатыр деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Су үнемдеу технологияларын қолдана отырып биыл суармалы алқаптарды 13,0 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылы Шемонаиха және Күршім аудандарында 1,8 мың гектардан астам алқапта 6,4 млрд теңгеге жаңбырлатып суару технологияларын енгізуге бағытталған 3 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

Сондай ақ, биыл Глубокое, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандарында      5,3 мын гектардан астам аумақта жаңбырлатып суаруды енгізетін инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив