KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Глубокоеның медициналық мекемелері қысқа дайын

23.08.2024, 16:21 134 Нұржан Кенжеұлы

Глубокое ауданының жылыту маусымына дайындығы кестеге сай жүргізілуде. Бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде баяндама жасаған Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов осылай деді.

– Қазіргі уақытта аудандағы жылу көздерінің әзірлігі 80 пайыз шамасында. Оның ішінде Белоусовка кентіндегі қазандықтың дайындығы 95 пайызға, ал Алтай ауылы жылу көзінің әзірлігі 81 пайызға жеткен. Аудан орталығы Глубокое кентінің қазандығында «Теплоэнергия» кәсіпорнымен 337,9 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қазандық жылыту маусымына 62 пайызға дайын. Барлық жөндеу жұмыстары қазан айының 1-не дейін аяқталатын болады, – деп сендірді аудан әкімі.

Ол, сонымен қатар биыл Глубокое кентінің 10,2 шақырым кварталішілік жылу желілерін қайта жаңарту жобасы аяқталатынын мәлім етті. Бүгінде 9,3 шақырым желі салынып қойған, яғни жоспарланған жұмыстың 90 пайызы орындалған. Аудан басшылығы бұл бағыттағы жұмыстар қазан айына дейін мәресіне жететінін айтты.

Белгілі болғандай, қазір Глубокое кентінің қазандығына 24 663 тонна көмір қажет екен. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 17 192,9 тонна көлемінде көмір сатып алуға 176,532 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініпті. Көмір жеткізу жұмыстары басталып кеткен.

– Аудан халқы үшін жылыту кезеңіне көмір қажеттілігі 53 мың тоннаны құрайды. Жалпы алғанда, бізде бұған қатысты ешқандай мәселе жоқ. Көмір тапшылығы сезілмейді. Теміржол тұйықтарында жеткілікті мөлшердегі көмір қоры бар. Негізгі үш жеткізушімен жұмыс жолға қойылған, – деген аудан басшысы өңірдегі 108 көппәтерлі тұрғын үйдің 82-сі (76 пайыз) жылыту маумысына дайын екенін жеткізді.

Сол сияқты әлеуметтік нысандардың да қысқа дайындығы ойдағыдай. Э.Тумашиновтың айтуынша, аудандағы барлық денсаулық сақтау мен мәдениет саласының нысаны жылыту маусымына сақадай сай екен. Тек білім беру мекемелерінің әзірлігі бұл көрсеткіштен сәл төмен. Оның өзіндік себебі бар. Қатты отынмен жылытылатын мектептердің көбінде көмірді толық мөлшерде сақтайтын қоймалары жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу