KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Аудандардағы жылу жүйелері жаңартылатын болады – ШҚО

29.05.2024, 10:41 176 Анель Слямғазықызы

Алдағы жазда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Алтай, Шемонаиха, Ұлан, Күршім, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандарындағы жылумен қамту нысандары жаңартылатын болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазановтың айтуынша, биыл Глубокое кентінде аудандық қазандықты жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ биыл кенттің 10 км кварталішілік жылу желісін реконструкциялау аяқталады. Белоусовка кентінде №6 қазандықты жөндеу басталды. Алтай кентінде үш қазандықты жөндеу, 0,2 км желіні ауыстыру жүргізілуде.

– Зайсан қаласында «Сәтпаев» жылу стансасындағы екі қазандықты және Спамбетов көшесіндегі қазандықты ауыстыру көзделген. «Сәтпаев» қазандығының шатырын жөндеу және 0,2 км жылу желілерін жөндеу басталды.

Алтай қаласы қазандығының негізгі жабдықтары, 11 км жылу желісі жөнделеді, Серебрянка қаласының, Жаңа Бұқтырма кентінің қазандығы ағымдағы жөндеуден өтеді. Мұнымен қоса Жаңа Бұқтырма кентінің магистральдық жылу желілерін жаңарту аяқталуда, – деп атап өтті басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов.

Сонымен қатар Үлкен Нарын ауылындағы орталық қазандықтың екі қазанын және «Аурухана», «Агроколледж» қазандықтарының ғимараттарын жөндеу, Күршім аударының орталығында 1,8 км жылу желісін ағымдағы жөндеу жоспарланған.

Катонқарағай ауылының орталық қазандығын және 2,5 км жылу желісін жаңартуды аяқтау көзделіп отыр.

Бұған қоса Ұлан ауданында «Айтас Энерго» ЖШС-нің қазандығы жөнделеді. 1 қыркүйекке дейін Қ.Қайсенов кентіндегі жылу желілерін жаңарту бойынша 873,6 млн теңге жобаны аяқтау жоспарланған. «Айтас Энерго» ЖШС қаражаты есебінен 59 млн теңгеге желілік сорғыларды, қазандықтардың құбырын ауыстыру жоспарланған.

Шемонаиха қаласында «Востокэнерго» ЖШС есебінен 2 бу қазандығына күрделі жөндеу жөндеу жүргізілуде. Тарату коллекторы мен жылу желілеріне 109 млн теңгенің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу