KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Қорлан Туғамбаева: - Жолдауда көрсетілген жоспарларды бірлесіп іске асыруымыз керек

2.09.2024, 16:33 128

Президент халыққа жолдауында елдің дамуына үлес қосатын бірнеше маңызды міндеттерді атап өтті. Бұл міндеттердің әрқайсымыз үшін маңызы зор.

- Экономикалық даму: шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ бизнес қызметтерін цифрландыру және жаңа Салық Кодексін енгізу жоспарлары айтылды. Мемлекеттің тұрақты жағдайы оның экономикалық дамуына байланысты. Бұл процесс көп қырлы және көптеген жүйелерді қамтиды. Әр ел қаржы жүйесін жетілдіруге негізделген экономиканың өзіндік моделін жасайды.

- «Ауыл аманаты» жобасы: жобаны іске асыру оң нәтиже беруде. Аталған жоба аясында әр ауданда азаматтарды әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге үйрету үшін орталықтар іске қосылатыны атап өтілді.

- «Таза Қазақстан» жобасы: елді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бір реттік науқан емес, жалпыұлттық міндет. Мұндай жұмыс үнемі жүргізілуі керек.

- Атом электр станциясының құрылысы: атом электр станциясының құрылысы энергетикалық және экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Менің ойымша, экономикамыздың қарқынды дамып келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін атом электр станциясын салу дұрыс шешім.

Біз барлығымыз Жолдауда көзделген жоспарларды бірлесіп іске асыруымыз керек. Еліміздің болашағын құруға бірге атсалысайық.

Біз, жастар, Қазақстанның өркендеуі үшін өз үлесімізді қосамыз.

Қорлан Туғамбаева

«AMANAT» партиясы жанындағы
«Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу