Колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылып жатыр
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық колледждер базасында студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында шағын кәсіпорындар құрылуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады. Студенттер жиһаз жасау, тігін тігу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін пісіру секілді кәсіптерді игере отырып, оны кіріс көзіне айналдыру дағдыларын да меңгереді.
Қазіргі уақытта Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базасында 26 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 14 жаңа кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.