Колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады
Еліміздегі колледж студенттеріне алмасу бағдарламасы бойынша Германияда білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Болашақ үшін кәсіби кадрларды дамыту және даярлау» Қазақстан-Германия форумы шеңберінде ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Talap» КЕАҚ пен «Fav service gGmbH» неміс компаниясы келісімге келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тараптар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қазақстандық студенттерге Германияның 60 мың өндірістік кәсіпорнының кез келгенінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін дуальды білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылмақ.