Еліміздің колледждеріне 500-ден астам қазақстандық кәсіпорын қолдау көрсетеді
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстанда 518 кәсіпорын 410 колледжге қамқорлық жасап, қамқоршылық кеңестер мен салалық кеңестер арқылы колледждерді басқаруға қатысып келеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 104 мыңнан астам студент кәсіби практикадан, 4 мыңнан астам педагог кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждер қамқорлық көрсететін кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Биыл мақсатты тапсырыс бойынша жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тағы 10 мың студент қабылданады, - дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дуальды оқытуды өңірлерде тарату жалғасып жатыр.
Биыл еліміздегі 9 мың кәсіпорында дуальды оқыту аясында 91 мыңнан астам колледж студенті өндірістік тәжірибеден өтуде.
Оқи отырыңыз
Колледжге құжатты қай уақытқа дейін тапсыруға болады?Колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады2024 жылы колледж студенттеріне 11 жатақхана салынадыӨскемендегі кәсіпорындардың бірінде дуальды оқыту жүйесін сәтті іске асырып жатырШҚО-да 32 мыңнан астам студент қашықтан білім алады