KZ
Өскемен
-17°
пасмурно жел 1,4 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Президент Жолдауы: 9 басымдық – елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жұмылдырады

6.09.2024, 14:29 185 Жанаргүл Мұқатай

«AMANAT» партиясы  облыстық филалының Шығыс Қазақстан облысы мәслихатындағы  «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы жиналысында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер мен тапсырмалардан туындайтын өзекті мәселелерге сараптамалық талқылау өткізілді, деп хабаралайды Altainews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова,  облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов облыстық мәслихаттың төрағасы Денис Рыпаков және мәслихат депутатары, ЖОО жетекші мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан жиында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің экономика ғылымының кандидаты, экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының доценті Елена Ситникова, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев,  энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі Виктор Недовесов Жолдаудағы бірнеше бағыттарды қамтитын энергетикалық қауіпсіздік,  ақша -несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, жаңа салық кодексін қабылдау, бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, инфрақұрылымдарды дамыту, су ресурстарын тиімді пайдалану, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қаржылық сауаттылықты арттыру, ел экономикасының бейінін әртараптандыру тәрізді негізгі аспектілерге қатысты өздерінің сараптамалық ой, пікірлерімен бөлісті. Сарапшылар жолдаудағы 9 басымдық - елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жұмылдыратынын айтты.

Талқылауға қатысушылар елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты тақырыпқа жеке тоқталып, елді сенімді, тұрақты энергетикамен қамтамасыз етудегі атом энергетикасының маңыздылығына тоқталды.

Облыстағы энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі Виктор Недовесов 90- жылдардың басында  облыста орын алған электр энергиясы тапшылығының зардаптарын еске ала отырып, ЖЭО ларда көп күл шығатын көмірді пайдалану табиғатқа да, адамзатқа үлкен зиянын тигізіп келе жатқанын тілге тиек етті.

-Атом электр станциясының құрылысы энергия импортына тәуелділікті айтарлықтай төмендетіп, елімізді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз ете алады,- деді энергетика ардагері Виктор Недовесов .

Д. Серікбаев атындағы Шығыс  Қазақстан техникалық университетінің сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің деканы Айбек Ақаев, атом электр станцияларын салу кезіндегі халықаралық тәжірибеге де назар аудартып, атом  энергетикасы қоршаған ортаға ең аз зиян келтіре отырып, тұрақты электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететін ең перспективалы энергия көздерінің бірі болып табылатынын жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу