KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, ОБ
494.84 537.4 5.58

"AMANAT" партиясының жаңа шақырылымында әйелдер мен жастардың үлесі артты

6.12.2023, 10:41 279 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысы бойынша AMANAT партиясының жаңа шақырылымында әйелдер мен жастардың үлесі арта түсті.  Бұл туралы партияның өңірлік филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 - Жаңа шақырылым депутаттарының құрамы 75%-ке жаңартылды. Әйелдер саны 30%-ке дейін, 35 жасқа дейінгі жастардың саны 14%-ке дейін ұлғайды. AMANAT партиясының фракциясы – ең ірі, көпшілік дауысқа ие жетекші фракция. Бүгін барлығымыз бір залда болған кезде біздің фракцияның және жалпы партияның күші сезіледі, - деді Сайрангүл Жұмаділова. 

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау аралас жүйе бойынша өтті. Облыстық мәслихаттағы 32 орынның ішінен AMANAT партиясы   29 орынды немесе 90,6%-тін, аумақтық мәслихаттардағы 142 орынның ішінен 115 орынды немесе 80,9%-тін иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу