KZ
Өскемен
+21°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
478.91 526.42 5.38

ШҚО ПД қызметкерлері көлігі бұзылған жүргізушілерге көмектесті

Фото: pexels.com

22.06.2023, 23:48 246

Көлігі бұзылып, жолда қалған жүргізушілерге жол қауіпсіздігін бақылайтын тәртіп сақшыларының қол ұшын созу дерегі ара-тұра жария болып жатады.

Бұл жолы полицейлер Семей қаласына бағыт алған жеңіл көліктің жүргізушісі мен "Өскемен-Риддер" автожолында бұзылып тұрған газель көлігінің жүргізушісіне көмектесті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының 136 экипажының қызметкерлері Семейге барар жолда бұзылған көліктің иесіне көліктің ақауын жоюға көмектескен.

Ал "Өскемен-Риддер" автожолында газель көлігі бұзылып, антифриз қажет болған. Көлікті байқаған ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны 128 экипажының қызметкерлері көмек көрсеткен.

ШҚО ПД қала сыртындағы тасжолдарға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру және жол жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив