Өскемен - Риддер тас жолында жүк көлігі бірнеше күн бойы қаңтарылып тұр
Фото: yk-news.kz
ШҚО-да ауыр жүк көлігі тас жолдан шығып кетіп, Зимовье ауылы маңында қарға батып қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты YK-news.kz сайтына сілтем жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушілері бірнеше күн бойы жолдағы көлікте түнеп жүр. Абырой болғанда, жол бойындағы дәмхана жұмыс істеп тұр.
- Жолдан шығып кеткен ауыр жүк көлігінің тұрғанына төрт күн болған. Жүргізушілерге барлық көмек көрсетілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ыстық тамақ әкеліп, көліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесті. Көліктегі жүкті алып, жеткізіп берді. Бірақ батып қалған ауыр жүк көлігін қардан шығара алмады. Қазір қажетті техникасы бар ұйымдармен келіссөз жүргізілуде , - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз