KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Оқушылар жазда ауылға барып тіл үйрене алады – ШҚО әкімі

24.11.2022, 15:01 566 Ләззат Қанатқызы

23 қараша күні облыс әкімдігінің отырысы өтіп, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында облыс әкімі Даниал Ахметов ауызекі қазақ тілін үйретуге ерекше назар аударып, жаңаша тәжірибелер пайдалану керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, жазда қаладан келген балалар ауылдардағы қазақ отбасыларына келіп, тілдік ортаға енетін тілдік лагерьлер жұмыс істейтін болады. Әр түрлі этностардың өкілдері өз ана тілдерін үйренуі үшін бізде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі туралы да сөз қозғады.

- Қазір өңірдің барлық мектептерінде IT және робототехника сыныптары жұмыс істейді, барлық білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған, digital East қосымшасы арқылы ата-аналық бақылау бағдарламасы енгізілуде. Сонымен қатар, біздің оқушыларымызды цифрлық оқыту әлемдік үрдістер мен стандарттарға сай болуы үшін арнайы бағдарлама әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады, - деп түсіндірді Даниал Кенжетайұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу