Өскеменде тағы 5 балабақша салынады
ШҚО әкімі Даниал Ахметов биыл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% мектепке дейінгі біліммен қамту керектігін айтты.
Қазіргі күні аталмыш көрсеткіш 97%-ды құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқу жылының басында балабақшаларға 2-3 жас аралығындағы 900-ге жуық бала кезекке тұрған. Сондай-ақ 11 мың мектеп жасына дейінгі бала жеке балабақшаларға барады.
- Биыл көрсеткішті 100%-ға өсіру керек. Бірінші кезекте, оған Өскемен қаласы қол жеткізу керек, - деп атап өтті өңір басшысы Даниал Ахметов.
Соңғы 5 жылда балабақша кезегі 3,5 есеге қысқарған. Осы уақыт ішінде Өскеменде 12 жаңа мектепке дейінгі мекеме салынды.
- Қазір 1290 орындық тағы бес балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Олардың екеуі 19 шағын ауданда, біреуі ЖМК-да, біреуі Нұрлы Жол шағын ауданында және біреуі Защита шыған ауданында ашылмақ,-деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз