Техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар француз тілін тегін оқиды
Фото: cref.ru
Қазақстандық техникалық қызметкерлер мен IT-мамандар бір жыл бойы тегін француз тілі курстарынан өте алады.
Тілдік даярлық Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларында орналасқан Француз Альянсының орталықтарында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурстық іріктеуге жасы 35-ке толмаған инженерлік-техникалық саладағы жас мамандар қатыса алады. Сонымен қатар үміткерлер дипломының орташа балы – GPA кемінде 4.00-ден 3.00 болуы керек.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер осы жылдың 25 маусымына дейін қабылданады.