KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

ШҚО-дағы кейбір мектептердің бейнебақылау жүйесі стандартқа сай емес

25.08.2022, 10:08 1 445

Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірдегі мемлекеттік мектептерге мониторингтік жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова 642 мектепке тексеру жүргізілгенін айтты.

– 514 мектеп типтік, 128 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан. Білім мекемелерінің 35%-ының бейнебақылау жүйесі ҚР БҒМ ұсынған стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейді, – деді Зейнеп Мақсұтова өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде.

Сондай-ақ, спикер барлық мектепте жаңа модификациядағы робототехника кабинеті бар екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу