KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Күршім ауданында 3500-ден астам тұрғын сақтандырылмаған

23.02.2023, 17:08 499 Ләззат Қанатқызы

Күршім ауданының әкімі Алмат Акышовтың ұйымдастыруымен ШҚО МӘМС Қоры филиалының директоры Нұрлан Қыдырбаев міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша халықпен кездесу өткізді.

Жиналысқа мекеме қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Кездесу  аясында аудан тұрғындары облыстан  жұмыс сапарымен келген  Нұрлан Икрамұлына толғандырған сауалдарын қойып, филиалының директоры 2022 жылдың қорытындысы және алда атқарылатын жұмыстар туралы толық ақпарат берді.

- Бүгінде Күршім ауданындағы халық саны 21000 мыңнан асады. Ауданның 3511-ге жуық тұрғыны әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесі жоқ. Соның салдарынан бұл азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр. Бұл қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтер, жоспарлы ауруханаға жатқызу, оңалту және т.б., - деді Нұрлан Қыдырбаев.

Облыстық ӘМСҚ филиалының басшысы МӘМС-ке төлемдер 12 ай ішінде жүргізілуі тиіс екенін еске салды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу