Сақтандырылмаған азаматтар үшін жеңілдік мерзімі аяқталды
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жеңілдік мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, медициналық сақтандыру Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ол 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылған еді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеді. 1 сәуірге дейін барлық азаматтар шартты түрде сақтандырылған деп саналды. Бұл жеңілдікті кезең қазақстандықтар емханаларға тіркеліп, өз мәртебесін анықтау үшін көзделген.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, елде төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты, сақтандырылмаған азаматтардың МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығын 1 шілдеге дейін ұзарту тапсырылды.
1 шілдедегі жағдай бойынша Ұлттық банктегі арнайы шотқа 5 ай ішінде халықтан 214 млрд теңгеден астам сомаға жарналар мен аударымдар келіп түскен. Оның 122,6 млрд теңгесі - 15 жеңілдік санатындағы өкілдер үшін мемлекет жарналары. Қазіргі уақытта жүйеде 14,5 миллионнан астам азамат, оның ішінде шамамен 11 миллион адам мемлекет есебінен сақтандырылған.