KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 7 м/с, СБ
519.61 610.13 6.54

Өскемен: Коронавирусқа қарсы вакцинаны қайдан алуға болады?

Фото: Inbusiness.kz

28.09.2023, 10:26 335 Ләззат Қанатқызы

Әлем елдерінде тағы да коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Науқастардың саны да күн сайын артып келеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, елімізде 2022 жылмен салыстырғанда Covid-19 ауруы 30 есеге азайған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекцияның алдын алу үшін вакцинаны әлі де тегін алуға болатынын еске салады.

- Мәселен, облыс орталығында коронавирусқа қарсы вакцинаны  бірнеше қалалық емханалардан алуға болады. Атап айтқанда, Меновное ауылындағы № 1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында, №2 қалалық емханада және МСЧ-2 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияда, - делінген ШҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ, елімізде 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Бірақ вакцинация азаматтардың белгілі бір санатында ғана тегін жүргізілетінін айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу