KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 1 м/с, С
523.54 546.47 4.99

Тұмауға қарсы екпе егу кезеңі басталды

Фото: egemen.kz

28.09.2023, 18:06 243

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ШҚО халқының саны 736 282 адамды құрайды. Облыс халқына медициналық қызмет көрсету үшін 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі ұйымдастырылған. 2 қазаннан бастап аталған мекемелердегі 62 екпе кабинетінде халық ерікті түрде тұмауға қарсы екпе ала алады.

Облысқа бүгінгі таңда тұмауға қарсы екпенің 75 мың дозасы әкелінген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Тұмауға қарсы екпе медицина қызметкерлерге, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балаларға, балалар үйіндегі, сәбилер үйіндегі балаларға, қарттар үйінде тұратын адамдарға, эпидемиологиялық көрсетілімдері бар адамдарға егіледі.

– Қазіргі таңда ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы жергілікті қаражат есебінен тұмауға қарсы «Гриппол плюс» вакцинасының 75 мың дозасын сатып алды. Вакциналар барлық медициналық мекемелерге таратылды. Медициналық ұйымдар екпе жұмысын бастауға 100 пайыз дайын. Сонымен қатар, биылдан бастап Өскемен қаласы Абай даңғылы, 18 мекенжайында орналасқан «Амбулаториялық орталық» ЖШС мекемесінде тұмауға қарсы ақылы екпе егу кабинеті ашылды. Тұмаудан қорғанудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы екпе алу екенін естеріңізге саламыз және сіздерді екпе алуға шақырамыз, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмек және стратегиялық даму бөлімінің бас маманы Еркін Семейханов.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу