KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам оңалтудан өтті

23.10.2023, 11:52 222 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да жыл басынан бері бес мыңнан астам тұрғын оңалтудан өткен. Бұл туралы облыстың бас реабилитологы Толқын Секеева Үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.

Науқастар жарақаттар мен ортопедиялық операциялардан кейін неврологиялық, нейрохирургиялық, кардиологиялық, кардиохирургиялық реабилитациядан өтуге міндетті. Диагнозға және жағдайдың ауырлығына байланысты тәулік бойы немесе күндізгі стационарда немесе амбулаториялық негізде оңалтумен қамтамасыз етілуі қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Толқын Маратқызының айтуынша, облыста 21 медициналық мекеме оңалту және қалпына келтіру бойынша қызмет көрсетеді

- Медициналық оңалтудың маңыздылығы айтпаса да белгілі. Жарақаттар мен ауыр аурулардан кейін адам өмір сапасын жақсартып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Бұл жерде сапалы көмек маңызды рөл атқарады, - дейді Толқын Секеева.

Айта кету керек, облыс тұрғындары үшін медициналық оңалту міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде де, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында да қолжетімді.

- Өңірде оңалту еміне арналған 270 орын қарастырылған. 9 айдың нәтижесі бойынша барлығы 5 061 науқас емделді. Оның ішінде облыс 

орталығында 4 946 науқас, ал қалған 115 науқас аудандық деңгейде ем алды. Неврология және нейрохирургия саласында емделгендері саны 1600-ден астам. Ал, травматология және ортопедия мамандығы бойынша оңалту емін қабылдағандар саны 1480-ге жетіп отыр, - деп атап өтті бас реабилитолог.

Осы орайда, бүлдіршіндер оңалту емін Ана мен бала орталығында қабылдайтынын айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу