KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
475.03 517.21 5.44

ШҚО тұрғындары МӘМС аясында медициналық көмекке жиі жүгіне бастады

8.06.2021, 11:50 238

Баспасөз конференциясы барысында МРТ және КТ жоғары дәлдікті диагностикасы, қымбат тұратын зерттеулер, медициналық оңалту, оның ішінде МӘМС аясындағы медициналық оңалту қызметтеріне қол жеткізу туралы айтылды.
Егер өткен жылы қазақстандық медицина үлкен ауыртпалықты бастан кешірсе, мыңдаған емделушілер жоспарлы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылса, қазір еліміздің барлық медициналық ұйымдары өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың мәліметінше, бірінші тоқсанда халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің өсуі байқалды. Емхана деңгейінде консультативтік-диагностикалық көмек көлемі 18 пайызға артты. Шығыс Қазақстан бойынша барлығы 3,3 млрд теңгеге 2,3 млн осындай қызмет көрсетілді. Медициналық сақтандыру қоры КТ, МРТ, 40 мың скринингтік зерттеулердің тоғыз мыңнан астам қызметін қаржыландырды.
Жаңа медициналық технологияларды қолдана отырып, хирургиялық араласулар саны 30 пайызға артты. Жыл басынан бері облыс тұрғындарына еліміздің медициналық ұйымдарында 82 операция жасалды.
Қор медициналық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде ынталандыруды жалғастыруда. Мәселен, Қазақстанда оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны екі жылда он есеге жуық өсті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың саны соңғы жылы 15 пайызға ұлғайды. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 270 млн теңге сомасына 270 мың оңалту қызметі көрсетілді.
Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды. Бұл қауіпті созылмалы аурулардың ерте сатыда дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Оларды емдеу денсаулық сақтау бюджетінен қомақты қаржылық шығындарды талап етуі мүмкін.
Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында күндізгі және тәулік бойы стационарларда 730 млн теңгеден астам сомаға 2,5 мыңға жуық пациент оңалтудан өтті. Амбулаториялық-емханалық деңгейде 270 млн теңге сомасына 280 мың қызмет көрсетілді.
Ауылдық медицинаны қолдауға келетін болсақ, өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін 11 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. "Дөңгелекті емханада" бейінді мамандардан кеңес алуға, скринингтерді қоса диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады. Осы жылдың басынан бастап мобильді медициналық кешендер арқылы екі мың қызмет көрсетілді.
Бірінші тоқсандағы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі жұмыс қорытындылары туралы айта отырып, коронавирустың таралуын болдырмау, covid-19 науқастарын диагностикалау және емдеу шараларын қаржыландырудағы қордың рөлін атап өткен жөн.
Қаржыландырудың негізгі сомасы коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге көзделген.

- Қаңтар айында бес мыңнан астам медицина қызметкері 929 млн теңгеге үстемақы алды. Ақпан айында жеті мың дәрігерге 695 млн теңге бөлінді. Наурыз айында төрт мыңнан астам дәрігер үшін төлем сомасы 600 млн теңгені құрады. Үстеме ретінде барлығы 2 млрд теңгеден астам қаржы есептелді, - деді Ғалымжан Әбілов.

Сондай-ақ, спикер медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен ПТР-зерттеулерге қолжетімділік кеңінен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Егер өткен жылы шамамен 116 мың ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы айларында КВИ вирусын анықтау үшін 74 мың зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың шығуларына келетін болсақ, мұнда айтарлықтай өсу динамикасы байқалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив