ШҚО ауруханаларында жарты миллионнан астам дәрі-дәрмек қоры бар
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету үшін дәрілік препараттардың қоры жеткілікті.
Дәрі-дәрмектердің ішінде 144 мыңнан астам антипиретиктер, 65 мың вирусқа қарсы құралдар, сондай-ақ 300 мыңнан астам антибиотиктер бар. Сондай-ақ, облысқа көптеген елдерде қолданылып жүрген жапон ғалымдары әзірлеген "Фавипиравир" препараты әкелінді.
Дәрі-дәрмектердің мұндай қоры 1 ай ішінде ауруханалардағы төсек-орын толық жүктелген кезде көмек көрсету үшін жеткілікті.
Сондай-ақ, жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды.
Облыстың барлық медицина қызметкерлері індетке қарсы костюмдердің, маскалардың, респираторлардың және қолғаптардың 60 күндік қорымен қамтамасыз етілді.