KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

2023 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Фото: ашық дереккөз

25.04.2023, 11:37 905

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері 538,3 мыңға жуық отбасы жалпы сомасы 101,1 млрд теңгені құрайтын көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алған.

Бұл ретте тек наурыз айында ғана 544,3 мың отбасы 34,3 млрд теңгеге жәрдемақы алды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мемлекеттік жәрдемақыға табысына қарамастан, төрт немесе одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар өтініш бере алатынын түсіндірді.

 

"Төлемдер мөлшері балалар санына байланысты сараланған және 2023 жылы:
4 баламен – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге; 5 баламен – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге; 6 баламен – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге; 7 баламен – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге; 8 және одан да көп балалармен – 4 АЕК немесе 13 800 теңгеден әр балаға. Көпбалалы отбасыларға табыстарын есепке алмағанда, мемлекеттік жәрдемақы төлеу Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдаудың негізгі үш бағыты шеңберінде енгізілді", делінген министрліктің хабарламасында.

Бұл ретте 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалары бар отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 8,5%-ға көтерілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу