Өзге елге кеткен адам зейнетақы жинақтарын туыстарына бере ала ма?

Фото: ашық дереккөз
Қор мамандары елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі бар екенін ескертеді.
Тек ол азаматтарға ҚР Ішкі істер органдары арқылы тұрақты тұруға кетуді ресімдеп, БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын ұсыну керек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығына ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарды толық ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар:
- міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен – кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған кезде.
- ерікті зейнетақы жарналары есебінен – шығу ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған кезде ие бола алады.
Азаматтар зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігіне тұрақты тұруға кетуді тиісті түрде ресімдеген және басқа елдің шетелдік төлқұжатына ие болған жағдайда ғана қол жеткізеді.
БЖЗҚ-ға құжаттар тапсырудың 3 тәсілі бар:
- Сіз БЖЗҚ кеңсесіне шетелдік төлқұжатпен және банктік шот туралы мәліметтермен өзіңіз жүгіне аласыз.
- БЖЗҚ кеңсесіне құжаттар топтамасымен сіздің өкіліңіз (сенімді тұлға) жүгіне алады. Өзімен бірге: сіздің шетелдік төлқұжатыңыздың немесе азаматтығы жоқ адам ретіндегі куәлігіңіздің нотариалды куәландырылған көшірмесі; өкілдің (сенім білдірілген тұлғаның) жеке басын куәландыратын құжат; нотариалды куәландырылған сенімхат; сіздің банктік шотыңыз туралы мәліметтер болуы тиіс.
- Қажетті құжаттарды пошта арқылы жіберсеңіз болады. Құжаттар тізімі: нотариалды куәландырылған қолы бар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш; шетелдік төлқұжаттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; банк шоты туралы мәліметтер. Жиналған құжаттар топтамасын БЖЗҚ-ның облыстық (өңірлік) филиалдарының бірінің пошталық мекенжайына жіберуге болады.