KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1,3 м/с, В
498.55 524.28 4.75

Зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірісте тұрақты өсім бар

Фото: ашық дереккөз

3.05.2023, 10:32 284

Жыл сайын өсіп келе жатқан зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігін дәйектей отырып, қаржылық қауіпсіздік алаңын қалыптастыруда.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының (алушыларының) жеке шоттарында 15,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары бар. Жыл басынан бері ол 736 млрд астам теңгеге (немесе 5%) өсті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

­– Бұған зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс кіреді. 2023 жылдың 3 айында зейнетақы жарналарының көлемі 487,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% артық болды. Зейнетақы жинақтарының өсуі, сондай-ақ жыл басынан 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін 336,33 млрд теңгеге жеткен таза инвестициялық кірістің арқасында қамтамасыз етілді. Ол өткен жылдың көрсеткіштерінен 40,5 млрд теңгеге немесе 14% артық, – деді «БЖЗҚ» АҚ ШҚО филиалының директоры Марат Сейітқалиев.

2023 жылдың басынан бері зейнетақы жарналарының көлемі шамамен 487,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27% немесе 103,9 млрд теңгеге жоғары. Айта кетейік, өсім жарналардың барлық түрлері бойынша орын алды: өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі – 27% (99 млрд теңге), МКЗЖ – 24% (4,5 млрд теңге), ең көп өсім ЕЗЖ бойынша – 64% (194 млн теңге).

Жыл басынан бері БЖЗҚ шамамен 98 млрд теңге төледі. Төлемдердің басым бөлігін жасына байланысты зейнетақы төлемдері – 36,09 млрд теңге (36,85%), тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – 34,4 млрд теңге (35,1%) құрады.

– Айта кетейік, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 32 082 теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі орташа айлық төлем – 29 372 теңге), ал ең жоғары төлем сомасы 742 692 теңгені (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі ең жоғары төлем – 707 326 теңге) құрады. Сондай-ақ мұрагерлік бойынша төлемдер – 12,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 8,7 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 1,4 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 690,6 млн теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 4,3 млрд теңге аударылды, – деді қордың облыстық филиалының басшысы Марат Тоқтарханұлы.

2023 жылғы 1 сәуірде БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,15 млн бірлікке жетті. Оның 11 млн – міндетті зейнетақы жарналары,  МКЗЖ бойынша шоттар саны – 607 473 бірлік, ЕЗЖ есебі бойынша 367 543 ЖЗШ ашылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу