KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Елбасы үшін ШҚО ерекше өлке

17.02.2021, 17:13 3 117

ҚР Тұңғыш Президенті үшін Шығыс Қазақстан облысы ерекше өлке болып табылады. Сондықтан да облысымызды Қазақстанның інжу-маржаны деп атаған болатын. Бұл жақта Елбасымыздың қатысуымен өткен салтанатты шаралар да жетерлік.


Шығыс Қазақстан - табыс пен реформалардың, серпінді жобалардың, сондай-ақ Елбасының батыл идеяларының іске асуының бірден-бір дәлелі десек те болады.


-       Мызғымас болып көрінген Кеңес Одағы ыдырап, маған жаңа тәуелсіз мемлекет құру миссиясы қойылды. Сол қиын кезеңде Ұлы Абайдың қалдырған өсиеттерін еске алдым. Осылайша көз алдымда еліміздің жарқын болашағын қалыптастырдым, - дейді елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.


Демек Шәкәрім, Абай, Мұхтар сынды ұлы тұлғаларымыз шыққан жер Елбасымыз үшін әрине ерекше болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу