Орталық магистральдарға wi-fi орнату жайлы ұсыныс айтылды - Өскемен
Даниал Ахметов Жақсылық Омармен бір мәселе бойынша ақылдаспақшы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскемен әкімі Жақсылық Омар есептік кездесулерін қортындылады. Аймақ басшысы мен тұрғындар алдында атқарылған жұмыстар туралы тағы бір мәрте баяндап, алдағы жоспары жөнінде мәлімдеді. Облыс әкімі оның жұмысына оң баға беріп, енді ақылдасатын бір шаруа бар екенін айтты.
– Орталық магистральдарға wi-fi орнатуды ойлануымыз керек. Бұл еуропа елдерінің көпшілігінде бар үрдіс. Осы мәселені кеңірек талқылайық, – деді Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз