OSKEMENCARD: Қоғамдық көлік сынып қалса, төлем тағы да жасала ма?
6 ақпаннан бастап Өскеменде электронды билеттеу жүйесі іске қосылады. Әуелі трамвайда, одан кейін автобустарда тестілеуден өтпек.
Валидатор қоғамдық көліктегі есік санына байланысты қойылған. Мәселен, трамвайда 4 есік болса, 4 валидатор қойылған. Егер біреуі сынып қалса, қалғандары арқылы төлем жасалады. Егер барлығы істен шықса ше? Бұл жағдайда не істеу керектігін «Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС директоры түсіндірді.
- Қоғамдық көлік желіден шығып, өзінің автопаркіне хабарласу керек. Қызмет көрсететін бригада ақауларды жөндеуге шығады. Ал егер қоғамдық көлік сынып жолда қалып, жүрмей қалса, ол кезде жүргізуші келесі бағытқа жолаушыларды отырғызады, ал жолаушылар төлемді екінші рет жасамайды, - дейді «Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС директоры Аби Алменбетов.