KZ
Өскемен
+11°
ясно Штиль
443.44 480.51 4.88

GPS-ті жүргізушілер әдейі өшіріп тастайды - Өскеменнің автобустары

5.02.2021, 17:21 271

Өскеменде өткен жылдың желтоқсан айынан бері OSKEMEN BUS мобильді қосымшасы іске қосылды. Қосымша арқылы тұрғындар қай автобустың қай жерде келе жатқанын, белгіленген аялдамаға қанша уақытта жететінін көріп біле алады. Алайда қосымша көрсетілген уақыт автобустың нақты келген уақытымен сәйкес келмей, тұрғындар арасында түсінбестік туындауда.

Ал қосымшаны әзірлеуші белоруссиялық IBS Group компаниясы мен «Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС бұл жағдайда кінә жүйеден емес, адами фактор деп отыр. Тіпті, қосымшаны 90 пайызға дұрыс жұмыс істеп тұр деп баға берді.

-           Егер жасыл белгі болса, онда ол істеп тұр деген сөз. Барлық автобустар мен трамвайларда GPS трекер тұр. Алайда кейбір автобустарда бұл өшіп қалады. Бұл кезде кінә бізден емес, жүргізушіден. Олар тамақтанып алу үшін, не басқа шаруасын бітіру үшін әдейі өшіріп тастайтын көрінеді. Қазір жағдай біршама тұрақталып, мұндай жағдайлар күн сайын азайып барады, - деп түсіндірді «Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС директоры Аби Алменбетов.

Дегенмен мобильді қосымшадағы көрсетілген уақытта келмесе, тұрғындар шағымдарын қалалық 70-09-07 нөміріне қалдыра алады.

-           Шағымды біз ары қарай Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жолдаймыз. Себебі тасымалдаушы компаниялармен келісімшартқа отырған мекеме біз емес, - дейді Аби Алменбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив