Еліміздің бес өңірі "қызыл" аймаққа енді
Коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының 17 қаңтар күнгі мәліметіне сәйкес, Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, «қызыл»>аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Атырау, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
«Сары»> аймақта Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.
Қалған өңірлер – «жасыл»> аймақта.
Еске салсақ, 16 қаңтар күні «қызыл» аймақта Қазақстанның 3 өңірі орналасқан болатын.
Өткен бір тәулікте коронавирус індетінің жаңадан 978 жағдайы анықталды. Сондай-ақ 16 қаңтар күні індеттен 600-ге жуық адам жазылды.