120 отбасы баспаналы болды - Аягөз

Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген 2 бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің кілттері табысталды. Пәтер кілттері баспанаға мұқтаж азаматтар тізіміндегі көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім жандарға үлестірілді.
Құрылысқа жауапты мердігер - "DK Proekt" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Құрылыс нысанының жалпы ауданы 9038,8 шаршы метрды құрайды. Барлығы 120 пәтер. Оның 40-ы - бір бөлмелі, 40-ы - екі бөлмелі, тағы сондай 40-ы - үш бөлмелі.
- Қазіргі таңда аудан бойынша баспана кезіегінде 1162 адам тұр. Соның 120-сы кеше үй кілтін алды. Алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға арналған «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында бой көтерген екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің кілттері табыстау жоспарлануда, - дейді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов.
2021 жылы екі бес қабатты 60 пәтерлі және «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 50 екі пәтерлі (100 пәтер) тұрғын үй салу көзделген.