KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Аягөзде тағы 20 отбасы баспаналы болды

28.12.2020, 09:42 222

Жаңа 2021 жыл қарсаңында   Аягөз ауданы "Ет комбинаты" мөлтек ауданында ШҚО әкімінің бастамасымен өңірде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында  қолға алынған "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы аясында екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің  кілті табыс етілді. 

Айта кетейік, күні кеше Тәуелсіздік күні қарсаңында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген 2 бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің  кілттері табысталса, 2020 жылдың соңғы күндері тағы 20 отбасы жылы да жайлы пәтер иесі атанып отыр. 

- Алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға арналған «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 50 екі пәтерлі және 120 пәтерлі 2 тұрғын үй салу көзделіп отыр, - дейді аудан әкімі Сейілбек Ысқақов баспана кілттерін табыстау барысында .

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив