KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Соғыстан оралмаған аягөздік боздақ туралы дерек 78 жылдан кейін анықталды

8.12.2020, 09:43 274

Жақында әкесі Шілдеров Досымханды 78 жыл күткен Сақыпжамал апа ақыры бір жаңалық алды. Нақтылап айтқанда, анық ақпарат жазылған Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің сертификаты келеді. 

Негізінде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қорғаныс Министрлігінің орталық ансамблінің әнші қызы Шолпан Тұрысжанова ұзақ жылдар бойы әр жерлерге сұрау салып жүріп Волгоград облысы Серефим ауданы Бобров хуторы - 2 деген поселкада қайтыс болып, жерленгені туралы дерек алады. 

Осы орайда Досымхан атаның аты мен тегі Челдыров Досмукан деп жазылып кету себебінен сұранысқа сай жауап келмегенін айта кеткен жөн.

Шілдеров Досымхан 1908 жылы өмірге келіп, 1941 жылы Ақшәулінің Қарабұлағынан майданға аттанады. Сол жылы ұрыс даласына Владивостокқа, одан Саратовқа түседі. Ол жерде оң жамбастан жараланады. Госпитальдан шығып Сталинграт түбінде қаза табады.


Осы бір жапырақ қағазды күтіп, ақпарат іздеп майдангер Досымхан атаның жан жары Бибісағат (Қаман) апамыз да жарық дүниемен қош айтысқан екен. Ұрыс даласына кеткенде соңында қалған ұлы Сақажан да бүгінде мәңгілік мекеніне аттанған.


Сақажан атамыздың қызы, өмірден ерте өткен тарихшы ұстаз Сәния мұғаліміміз де бір ақпар білу үшін жан-жаққа хат жазып, хабар салған екен.

Жеңістің 75 жылдығында Досымхановтар әулеті аталары туралы ақпаратқа ақыры қолдары жетті.

Аудан әкімі Сеилбек Абұирұлы Сақыпжамал апа бастаған әулетті арнайы қабылдап, қорғаныс министрінің сертификатын салтанатты түрде табыс етті.

Пандемия аяқталған соң ұрпағы аталары жерленген жерге туған жерінен бір уыс топырақ алып барып, салып қайтпақ ниетте екен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив