KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Аягөздің жолдарын жөндеуге мүмкіндік туды

2.12.2020, 18:19 233

Сонау 2004 жылы қалың халықтың ыстық ықыласына бөленіп басым дауыспен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайланған халық қалаулысы Сабильянов Нұртай Салихұлы елдің мұнын көтерген азамат ретінде биік бағасын алып жүрген жерлесіміз. Отыз жылдың бойында қайырлы қайырымдылықтармен айналысқан Атымтай-Жомарт болмысы да мақтауға тұрарлық.

Ол кемінде жылына төрт бес мәрте сайлаушыларының ортасында болып аймағымыздың өзекті мәселелерінің шешілуі жолындағы елеулі еңбегін де әлеумет жақсы біледі.

Жақында қызметті сапармен Шығыс Қазақстан аумағын аралап жұртшылықпен жүздесіп, ашық кездесулер өткізіп, көпішілікке алаң көңіл орнатқан жай күйлерді біліп қайтқан болатын.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлерді дамыту комитетінің төрағасы Нұртай Салихұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Е.К.Жамаубаевқа, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б.Атамқұловқа депутаттық сауал жолдаған. Онда:

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында және Семей қаласына қарайтын Абыралы, Қайнар ауылдарында халықпен кездесулер өткізген кезде автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі жиі көтерілді.

Осыған байланысты, аталған аудандар және елді мекендер Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан жоғары және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарға жататындығын ескере отырып 2021 жылы:

1. «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Малгелді-Баршатас» (482-527 км) жол учаскесін және «Бидайық-Өркен» (566-601 км) жол учаскесін;

2. «Семей - Қайнар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының (248-208км) жол учаскесін орташа жөндеуге бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қарастыруыңызды сұраймын.

Сондай-ақ, «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Тарбағатай-Қызылкесік» ауылдары арасындағы 60 шақырым жол учаскесіне асфальт төсеп, күрделі жөндеу жүргізу мәселесін қарастыруыңызды сұраймын» делінген.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов Халық қалаулысы Сабильянов Нұртай Салихұлына жауабын жолдады. Жарқын жаңалықты назарларыңызға ұсына кетейін.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі—Министрлік) Сіздің Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы және Семей қаласына қарайтын Абыралы, Қайнар, Малгелді

ауылдарында халықпен кездесулер өткізген кезіңізде автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі бойынша сауалыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.

Бүгінгі күні, өңірдің автомобиль жолдары желісін көктемгі тексеру қорытындысы бойынша жақсы жолдардың үлесі 43%-ды, қанағаттанарлық жағдайда 20%-ды және қанағаттанарлықсыз жағдайда 11%-ды құрады.

Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар Р-23 «Семей-Қайнар» (112-132,182-208км) және А-20 «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» (527-541 км) автомобиль жолдарының аса қауіпті учаскелерінде күрделі және орташа жөндеу (86км) жұмыстары жүргізілуде.

Бұл ретте «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі Мемлекеттік бағдарлама) 2025 жылға дейін ұзақтығы 691 км болатын «Қарағанды-Аягөз» учаскесін реконструкциялау көзделген. Қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігінің қарауына аталған жолға жобалық құжаттама әзірлеу бойынша тиісті инвестициялық ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Премьер Минстрі А.Ұ.Маминнің Шығыс Қазақстан облысына ағымдағы жылғы қыркүйек айындағы жұмыс сапарының қорытындылары бойынша Мемлекеттік бағдарламаға 707-941 км учаскедегі «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автомобиль жолын реконструкциялауды енгізу және 2021 жылы аталған жолдың 793-849 км учаскесін жөндеу, сондай-ақ республикалық маңызы бар «Семей-Қайнар» автомобиль жолын (жыл сайын кемінде 50 шақырым) орташа жөндеуді қаржыландыруын ұлғайтуды қарастыру тапсырыды.

Осыған орай, Мемлекеттік бағдарламаға өзгеріс енгізілген жағдайда Министрлік аталған жолдарды реконструкциялау және жөндеу мәселелерін ұсынатын болады» дейді.

Міне көріп отырғандарыңыздай көпшіліктің сарыла күткен мәселесінің шешімін табатын күн де алыс емес.

Осы орайда Қарағанды-Боғас тас жолының Аягөз-Тарбағатай аралық жолын жөндеу жұмыстарына да Нұртай Салихұлы білек сыбана кірісудің нәтижесінде ұзақ жылдар бойы қалың халықтың басты мұңына айналған ойқы шойқы жолды оңалтуға мүмкіндік туғанын да айта кеткен жөн. Қашан да жұртшылықтың жүрегін ауыртқан жай күйлері мен мазасын қашырған мәселелерді шешу жолында елеулі еңбек сіңіріп жүрген Мәжіліс депутатына айтар алғысымыз шексіз екенін жеткізбекпіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив