KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Қазақстанда мұқтаж адамдарға электр жетегі бар кресло-арба беріле бастады

27.11.2020, 11:17 110

Қазақстанның бірқатар өңірінде мүгедектігі бар адамдарға электр жетегі бар кресло-арба беріле бастады. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жыл соңына дейін облыстар және республикалық маңызы бар қалалар да ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 1381 арба жеткізу жоспарланып отыр.

Мүгедектер арбасын өндіруші «Тыныс» АҚ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК еншілес ұйымы болып табылады. Тауар өндіру кезінде қазақстандық қамту үлесі 75% құрайтынын атап өту керек. Жалпы салмағы - 75 келі, жүру қашықтығы - 25 шақырымнан асады, жүк көтеруі - 140 келіге дейін. Бұл - қазақстандық конструкторлардың өздері құрастырған өнім.

Бүгінгі күні мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде жеткізуші 817 кресло-арбаны еліміздің 12 облысына (Ақтөбе, Алматы, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, Түркістан) және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына жөнелтті.

Жылдың соңына дейін тағы 564 электр жетегі бар кресло-арбаны жеткізу жоспарланған.

Бұл шара ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға ыңғайлы және өз бетінше қозғалуға мүмкіндік береді, бұл олардың әлеуметтенуін арттырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив