KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Аягөзде 800-ден астам мүгедек жұмыспен қамтылған

19.11.2020, 10:42 483

Аягөзде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту, олардың еңбегін қорғау мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ, мұндай азаматтарды қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңында көрсетілген жауапкершіліктер туралы айтылды.

Аягөз ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысын орындау мақсатында Zoom бағдарламасы арқылы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары М.Мырзыкешов, Аягөз ауданы жұмыспен қамту және әулеметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Кобжасаров, орынбасары О.Рахметова, мемлекеттік еңбек инспекторы С.Ериманов және Аягөз ауданының жұмыс орындарына квота белгіленген 21 мекеме басшылары қатысуымен бейнеконференция жиналысы өткізілді.

WhatsApp Image 2020-11-19 at 09.32.59.jpeg

Бүгінде Аягөз ауданы бойынша 2208 мүмкіншілігі шектеулі жандар тіркелген: І тобы - 241 адам, ІІ тобы-911 адам, ІІІ тобы 1056 адам, бұл аудандағы 71 359 халқтың 3 % мөлшерін құрайды.

Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жұмысқа жарамды ІІІ топ мүгедектеріне жасалған талдау нәтижесінде 1056 мүгедектің 410-ы жұмыспен қамтылғандар, 407-і өзін–өзі жұмыспен қамтығандар, 239 жұмыс іздеушілер қатарында.

Аягөз аудандық жұмыспен қамту орталығына 2020 жылдың 1 қарашасына 48 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыссыз ретіне тіркелген, сонымен қатар жұмыс іздеушілер қатары 32 адамды құрайды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу