KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

ШҚО-да Абайдың 175 жылдығына арналған қойылым өтті

25.11.2019, 07:27 315

Ұлан аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай бол...» атты поэтикалық-музыкалық қойылымы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қойылымды Ұлан аудандық мәдениет үйі мен облыстық драма театрының әртістері бірге дайындап отыр.

Бұл жаңа жоба қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары шеңберінде өткізілді. Қойылым Абайдың тағылымы мол ой-толғамдары мен әндерін ұштастыра отырып дайындалған.

Шараға қатысқан Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өнерпаздарға сәттілік пен шығармашылық табыс тілеп, жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, оларды сөз өнерін меңгерген тұлға етіп тәрбиелеуде еңбек сіңіріп жүрген Сағыр ауылдық клубының «Асыл мұра» қолөнер үйірмесі мен «Жас ақындар» үйірмесінің жетекшісі Сарқыт Зарлықанға және Сағидолла Мұқашев атындағы Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Ақындар мектебі» үйірмесінің жетекшісі Нөсерхан Қабиқанға Алғыс хат табыс етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив