Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері өтті - ШҚО

Пушкин атындағы кітапханада шығыстың танымал ақын қызы Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Шара кітапхананың «Әдеби-HAB» жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Гүлманат Әуелханқызы халықаралық және республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Алатау жырлайды», «Сезім тамшылары» жыр жинақтарына және «Қазақ поэзиясы» антологиясына енген. «Жүз өлең» жыр кітабының авторы. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық білім беру бөліміне қатысты ақындар мектебінің жетекшісі.
Кездесу барысында жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, ақын жастармен еркін сұхбат құрды.