KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Поэтикалық battle. Өскеменде жас ақындар жекпе-жекке шығады

21.11.2020, 14:43 574

«Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне» арналған «Ертістің бойы – есіл жыр» атты жас ақындар арасындағы облыстық поэтикалық battle жобасын жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Поэтикалық battle облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен 9 желтоқсаны күні өтеді. Байқауға 14-29 жас аралығындағы ақындар қатысы алады. Қатысуға тілек білдіруші ақындардың өтінімдері 25 қарашаға дейін d.isagul@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Поэтикалық батл жеңімпаздары – І, ІІ, ІІІ орын арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Мұнда:

- Бірінші орын (біреу) – диплом, «Жылдың үздік жас ақыны» символдық белгісі, 100 мың теңге;

- Екінші орын (біреу) – диплом, 70 мың теңге;

- Үшінші орын (екеу) – диплом, 50 мың теңге;

- Бұлардан бөлек бірінші, екінші айналымда батлдан шығып қалған ақындарға да арнайы алғыс хаттар мен қаржылай жүлделер қарастырылған.

Поэтикалық battle-дың толық ережесі мен шарттары кітапхананың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған: https://www.facebook.com/vkolibrary/


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив