Қаңтар оқиғасы: Өскеменде тағы бір адамға қатысты сот үкімі шықты
![](/kz/uploads/posts/iblock/291/2915606aa530ef82611106fe6471eb2c.jpg)
Өскемен қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан тағы бір адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
22 қыркүйек күні, яғни бүгін Өскемен қаласының соты 1 адамға қатысты қаңтар оқиғаларымен байланысты іс бойынша айыптау үкімін шығарған.
- Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 3-бөлігі, яғни «Жаппай тәртіпсіздікке шақыру» бойынша қаралды. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың болмауына байланысты сот сотталушыға 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.