Қаңтар оқиғасы: Өскеменде 2 адамға қатысты сот үкімі шықты
Өскеменде қаңтар оқиғасына қатысқан тағы 2 адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
5 қазан күні екі адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды.
- Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2, 3-бөліктері (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу және шақыру) және ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қаралып, бірі 4 жыл бас бостандығынан айыру, екіншісіне 3 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - дейді ШҚО Прокуратурасы.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оқи отырыңыз